Ана сүті – тіршіліктің нәрі
Жыл сайын 1-7-тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтін еметін балалардың денсаулықтарын нығайту үшін, емшек емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өткізіледі. Бұл апта 1990 жылдың тамыз айында елдердің үкіметтерінің, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қол қойған емшек емізуді ынталандыру және қолдау туралы Инночентиялық декларацияның құрметіне орай бектілген болатын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы алты айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады.
Емшек емізудің пайдасы қандай?
- Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткіліктідамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгіліндетұмаудан, ал ыстық кездерде - ішек инфекцияларынанқорғайды.
- ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типтідиабеттен аз зардап шегеді;
- баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеудіқалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;
- балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;
- емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;
- емшек емізу ана мен бала арасындағы байланыстыорнатуға көмектеседі.
Жаңа туылған нәрестеге емшек сүтін ештеңе алмастыра алмайды. Табиғи емізу - бұл баланың денсаулығын қалыптастырудың негізгі тәсілі екенін есте сақтағанымыз жөн.