Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


Туберкулез - жұқпалы дерт

28.03.2016

Туберкулез – бұл жұқпалы ауру. Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек. Осыған сәйкес бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға  да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы өтетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.

  Туберкулез микобактериясын жұқтыруға аз мөлшерде микробактериялар да жеткілікті. Әрбір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10-15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді.

Тек қана микобактерияны жұқтырғандардың 5-10 пайызы ғана туберкулездің беосенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жуйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммунндық жүйесі әлсіреген сайын оның туберкулез микобактериясы ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарылайды.

  Көп жағдайда туберкулез микобактериясы өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. Туберкулез микобактериясы дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндері. Бұндай түрлер өкпеден тыс туберкулез микобактериясы деп аталады. Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады.

  Туберкулез бірте-бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда  кейбір белгілер тіпті апталап немесе айлап болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі-үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен қатар болуы мүмкін:

- дене салмағының төмендеуі; - шаршағыштық; - ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі; - түнгі тершендік; - кеуде ауырсынуы, шаншуы; -алқыну; - тәбеттің болмауы; - қан түкіру. Осы белгілер пайда болған әрбір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс.

  Алғашқы медициналық-санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсалютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл.

Сондай-ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқ медециналық – санитарлық көмек жүйесінде «қауіп -қатер» тобы құрылады, аталғандар жылда флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:

- перзентханалардың,  балалар ауруханалары, нәрестелер патологиясы мен шала туылғандар-бөлімшесінің жұмыскерлері;

- туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері;

- әскерге шақырылған сарбаздар;

- жоғары оқу орындары мен училищелерінің студенттері;

- 15-17 жастағы жасөспірімдер;

- перзентханадан шыққан әйелдер бір ай көлемінде;

- өкпе, қант диабетінен, АИВ/ЖИТС-пен, алкоголизм және нашақорлықпен диспансерлік есепте тұратын науқастар;

- өкпесінде кез келген этиологиялық қалдықты өзгерістері бар адамдар;

- туберкулезбен ауырған науқастарымен қатынаста болғандар;

- мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері;

- емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлері;

- тергеудегі және сотталғандар;

- қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік жүйесі қызметкерлері мен әскери қызметкерлері;

- Қазақстан Республикасына тұрғылықты өмір сүруге келген адамдар.

Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтан да туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Туберкулез – бұл тек қана медециналық емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез туралы білімін қолданылатын кезкелген адам тоқтата алады.

Ақмарал ӨТЕГЕНОВА,

ОСӨСҚПО ЖҚФ психологы


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте