Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сапалы қызмет кепілі

17.09.2019

Жамал Амалбайқызы , Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы және кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті туралы тұрғындарға толық түсіндіріп берсеңіз


Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ.

Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) біріншіден әрбір азаматқа шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда көмек көрсету, соның ішінде жедел және санитариялық авиация,алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсету, шұғыл стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, паллиативтік көмек көрсету. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар ауру түрлері ,созылмалы аурулардың негізгі түрлеріне көметк көрсету пакеті кіреді. Ашып айтар болсақ: консультативті диагностикалық көмек көрсету, амбулаториялық дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек көрсету, туберкулез ауруына оңалту. ТМККК пакеті азаматтардың бәріне, бюджет есебінен тегін көрсетіледі. Сондықтан да бұл кепілдендірілген стандарт болып саналады.

Көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады.

МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқаттарға шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмек те МӘМС пакеті шеңберінде көрсетіледі. 

 ТМККК шеңберіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы мәлімет берсеңіз

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар тарапынан көрсетіледі. БМСК учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике мамандары қызметінен тұрады. Бұған: профилактикалық екпелер мен скринингтер; жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылау; созылмалы аурулар (25 топ бойынша) мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық бақылау сынды медициналық қызмет түрлері жатады. Жалпы, бұл ауруларды емханадағы учаскелер деңгейінде басқаруға болады. Мәселен, емханалардағы балалардың даму кабинеті, жанұяны жоспарлау, босануға дайындық , жүрек қан тамыры ауруларының алдын алу, қант диабеті, салауатты өмір салтын қалыптастыру мектептерінің, лабораториялық диагностика көмегімен іске асыруға әбден болады.

ТМККК және МӘМС шеңберінде қандай консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:

- динамикалық бақылауға алынатын немесе әлеуметтік маңызы бар сырқатқа диагноз қою;

- динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруға шалдыққан пациентке консультация беру;

-халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына бағасы қымбат болып келетін медициналық қызмет түрлерін көрсету.

МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін консультативтік-диагностикалық көмек түрлері:

- ересектер мен 18 жасқа дейінгі  балаларды профилактикалық тексеру – жылына 1 рет;

- стоматологиялық қызметтер (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар);

-салалық мамандардың қабылдауы,консультациясы мен ем-дом шаралары;

- динамикалық бақылауға жатпайтын созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттерді салалық мамандардың бақылауы;

- лабораторлық диагностика (соның ішінде бағасы қымбат болып келетін қызмет түрлері);

       

     Күндізгі сатационар және тәуліктік стационарлық көмек туралы

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде стационарды алмастыратын көмек әлеуметтік маңызы бар аурулар мен динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруларға шалдыққандарға көрсетіледі. Сондай-ақ, тәулік бойғы стационарда емдеуді қажет етпейтін сырқаттар диагноз қойғанға дейін стационардадиагностикалық тексеруден тегін өте алады.

Стационарлық көмекті шұғыл жағдайларда барлық азаматтар пайдалана алады. Жоспарлы стационарлық көмек динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы ауруларға көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жұқпалы ауруларға және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан пациенттер де стационарда емделе алады.

Сақтандырылған азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енбеген ауруларға шалдыққан жағдайда жоспарлы стационарлық көмекті МӘМС пакеті шеңберінде алады. Оған мынадай қызметтер кіреді:

        -салалық мамандардың консультациясы;

-диагностикалық қызметтер (соның ішінде лабораторлық диагностика);

        -ауруханаға жатуға себеп болған, асқынған ауруларды (эстетикалық мақсатта   

         жасалған пластикалық операцияларды қоспағанда) емдеу;

       - қанмен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету;

       -  жоғары технологиялы медициналық қызметтер;

       - медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шаралары;

       - емдік тамақтану.

        Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тағы қандай мүмкіндіктер береді?

Жалпы, МӘМС пакетінің ауқымы кең, оған КТ,МРТ сынды бағасы қымбат диагностикалық көмектің барлық түрлері,оңалту және науқастың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем түрлер. Оңалту қызметі әсіресе іштен мүгедек болып туғандарға,ішкі органдар мен қимыл қозғалыс аппараты ауруларына шалдыққандарға, инсульт,инфаркт алған науқастарға денсаулығын емделіп шыққаннан кейін қалпына келтіру мақсатында көрсетіледі.

Бізде өзін өзі жұмыспен қамтитын адамдар санат бар,осы санаттағылар сақтандыру жүйесіне кіру үшін не істеу керек?

Олардың сақтандыру жүйесіне қатысуына екі түрлі мүмкіндігі бар. Біріншісі,жарнаны өз бетінше төлеу.ол үшін 2020жылдан бастап ең төменгі айлық жалақының 5 проценті мөлшерінде жарна аударады. Бұл айына шамамаен 3000 теңге шамасында. Немесе 2019 жылдың қаңтарында енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді төлеу. Қалалық жерде тұратын тұрғындарға 1 айлық есептік көрсеткіш, немесе 2525 теңге, ауылдық жерде тұратын тұрғындар 1262,5 төлеуі тиіс. Бірыңғай жиынтық төлемнің ішінде табыс салығы, әлеуметтік салық, зейнетақы жарнасы мен сақтандыру жарнасы бар. Өз денсаулығымызды сақтау өз колымызда.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте