Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


2019 жылдың 7 айы бойынша ЕСЕП

20.08.2019

      Қарақия  аудандық  денсаулық сақтау саласы бойынша  «Денсаулық» бағдарламасындағы жоспарланған көрсеткіштерді толығымен орындау мақсатында  ай сайын мониторинг жүргізіліп отырады.Аудан бойынша Аналар және сәби өлімін азайту үшін іс шаралар жоспары жасақталған.Ай сайын Аналар және сәби өлімін азайту Жол картасына мониторинг жасалады.

2019 жылдың 7 айында аудан бойынша 627 нәресте туылып,8 бала шетінеді,көрсеткіш 12,8 промилл.2018 жылдың 7 айында 633 бала туылып, 9 бала шетінеді, көрсеткіш 14,2 промилл.

Бала өлімін төмендету мақсатында қабылданған іс-шаралар:

Аудандық аурухананың барлық бөлімдері кислород концентраторымен жабдықталған,қосымша тағы 5 концентраторына тапсырыс берілді.Бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінде 1ВОП дәрігеріне 3 медбикеден келеді және оның 1-уі стандартқа сәйкес патронаждық медбике болып бекітілді.Неонатолог дәрігерлері мен акушер-гинеколог дәрігерлері,БМСК акушеркалары 100 пайыз білімдерін жетілдірді,мастер класс пен тренингтен өтті.Туа біткен ақауды ерте анықтауды жақсарту үшін УЗИ маманы (акушер гинеколог) Алматы қаласында білімін жетілдірді.

Қабылдау бөлімінің дәрігерлері мен орта буын қызметкерлері жоспарға сай BLS, ACLS,  PALS,  PHTLS, NALS  бойынша 100 пайыз мастер кластан өтті.

БМСК  дәрігерлері мен орта буын қызметкерлері 100 пайыз патронаждың прогрессивті моделі,ИБВДВ бойынша  білімдерін жетілдірді.

2019 жылдың 6 айында 627 нәресте туылып ,100 пайыз патронаж жасалды.Стационарлардың қабылдау бөлімдерінде триаж жүйесі енгізілді,СОП жасақталып,бекітілді.1 дәрігер және 2 орта буын қызметкері триаж бойынша білімдерін жетілдірді.

2019 жылдың 7 айында ана өлімі тіркелген жоқ.Ана өлімін төмендету мақсатында жасалған іс шаралар : Акушер гинеколог мамандар НЦАГ и П базасында 100 пайыз акушерлік сепсис,эффективті перинатальдық технологиялар,қауіпсіз ана болу принциптері,жүкті аналарға шұғыл көмек көрсету бойынша білімдерін жетілдірді.

Аудандық аурухана және емхана дәрігерлері «Науқастарды универсалды бақылау» пилоттық жобасы негізінде Қазақстан отбасылық дәрігерлер ассоциациясы базасының  көшпелі циклында білімдерін жетілдіруде.

Жетібай ауылдық ауруханасы бойынша 2019 жылы бір акушер гинеколог жұмысқа қабылданды.

2018 жылдың 7 айында 1 ана өлімі тіркелді.

Онкологиялық аурулар бойынша 2019 жылдың 7 айында  30 науқас тіркеліп,көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 83,9 (2018 ж 7 ай -24 науқас,көрсеткіш 66,7) Бұл жерде айта кетсек науқастың 70 пайызы 1-2 стадияда анықталған.(2018 ж 7 айында бұл көрсеткіш 42 пайыз болған).2019 жылдың 7 айында кеш анықталған онкопатология 30 пайызды құрайды.Бұл әлде де скринингтік бақылауларды жақсартуды,соның ішінде ер және әйелдерді қарау кабинеттерінің жұмысын жолға қою керек.Онкологиялық аурулардан өлгендер 2019 жылдың 7 айында 16 адам,көрсеткіш  100 мың тұрғынға шаққанда 44,7 (2018 ж 7 ай -11 науқас,көрсеткіш 30,6)

Онкопатологиямен 5 жылдан артық өмір сүргендер 43,6 пайыз(2018ж 7 айында -43,1 пайыз)

Жалпы өлім көрсеткіші 2019ж 7 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 226,6(81 адам), (2018 ж 7 ай -83 науқас,көрсеткіш 230,9)

Туберкулезден аурушаңдық 2019 жылдың 7 айында 18 науқас тіркеліп,көсеткіш 100 мың халыққа шаққанда  50,3 (2018 жылдың 7 айында науқас-17,көрсеткіш 47,3)Екі жылда да  науқастардың бәрі үлкендер,бала ,жасөспірім жоқ.Көрсеткіштің биылғы жылы өскендігі байқалады. БМСК мекемелеріне ошақтардағы профилактикалық шараларды жандандыру тапсырылды. Екі жылда да туберкулезден өлім тіркелген жоқ.

Жүрек қан тамырлары ауруларынан өлім 2019 жылдың 7 айында 3,100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 8,4(2018 жылдың 7 айында өлім-7,көрсеткіш -19,4). Көрсеткіш есепті кезеңде 11 ге төмендеді.

Травмадан өлім 2019 жылдың 7 айында аудан бойынша 9,100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш -25,1( 2018 жылдың 7 айында өлім-7,көрсеткіш-19,4) Көрсеткіш 5,7 өскен,саралағанда Жетібай ауылдық ауруханасында биылғы жылы жол көлік апаты есебінен өсіп отыр.Тұрғындар арасында профилактикалық шараларды күшейту керек.

Тұрғындар арасында семіздіктің таралуы 2019 жылдың 7 айында 30 науқас,100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш -83,9(2018 жылдың 7 айында науқас-15,көрсеткіш 41,7)Көрсеткіш 42,2 өсіп отыр.Бұл әлі де болса салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың төмендігін көрсетеді.Осы бағыттағы тұрғындардың сауаттылығын арттыру,денсаулық мектептеріндегі жұмыстарды сапалы жолға қою қажет.

Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жүктемесін азайту мақсатында аудан бойынша 5 участок ашылып, әрбір жалпы тәжірибелік дәрігер 1700 тұрғынды қарауға қол жеткізілді.Барлық жалпы тәжірибелік участоктар 3 медбикемен қамтамасыз етілді.Бір дәрігер жұмысқа қабылданды, 3 телімдік дәрігерлер күтілуде.Дәрігерлерді тұрақтандыру мақсатында үй жаймен қамтамасыз етуді шешу керек. Айта кету керек ,бұған дейінгі келген жас мамандарға толықтай үй жай берілді.

Аудан бойынша барлық тұрғындар электорондық денсаулық паспорттарымен 100 пайызға қамтылды. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жалғасуда. Бүгінде барлық мекемелердегі медицина қызметкерлері 99 пайызға компьютермен жабдықталды. Жоспар бойынша ескі компъютерлерді жаңалау жұмыстары жүріп жатыр, 2019 жылдың 7 айында аудандық ауруханаға 20 компъютер,10 ноутбук,10 уш қызметті принтерлер сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасын табады.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте