Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


Қант диабеті – өмір бойы емделуді қажет етеді.

15.05.2016

Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде қант диабетімен науқастанушылардың саны 100 млн – дай болса, оның 100 мыңға жуығы Қазақстанның үлесіне тиеді.

Күн тәртібіндегі тақырып болғандықтан осы сырқат жөнінде № 2 Жаңаөзен қалалық емхананың № 3 жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі әрі дәрігер-эндокринолог Төлепбергенова Әйгерім Тынысбекқызымен сұхбат жүргізгенді жөн көрдік.

- Әйгерім Тынысбекқызы, деректерге жүгінер болсақ, дүние жүзінде қант диабетімен науқастанатындар саны жылдан – жылға көбеймесе азаятын түрі жоқ. Мұның негізгі себептері не?

- Біріншіден, қант диабетіне басқа сырқаттардағыдай дер кезінде мән бере қоймайды да, оның жасырын кезеңін өткізіп алады. Ауру жанға батып, мазаны шынттап ала бастаған кезде амалсыздан дәрігерге қаралып, қанына, несебіне талдау жасатқаннан кейін ғана қант диабетіне шалдыққанын бір - ақ біледі.

Екіншіден, адамдардың іщкі жан күйзелісінің күшеюі, уайым – қайғы, түрлі инфекциялар мен сырқаттану, мықты семіру және т.с.с. бұл ауруды қоздырып, оның дами түсуіне жол ашады.

Кеселдің тағы бір жаман жері – тұқым қуалайды.

Мысалы, қант диабеті ауруымен есепте тұрғандарға талдау жасайтын болсақ, олардың кейбіреулерінің не әкесі, не шешесі, не болмаса екеуі де қант диабетімен науқастанатын болып шықты. Сондай – ақ олардың арасында 4 – 4,5 кг және одан да салмақтырақ бала туған әйелдер, егіздердің сыңарлары және т.б. бар.

- Олар аурудың жасырын кезеңін өткізіп алады деп отырсыз. Демек, оның алғашқы белгілері біліне бермейтін болды ғой. Олардың негізгілерін атап өтсеңіз.

- Бастапқы кезде қандай ауру болса да белгі бере бастайды. Дәл сол кезде дәрігерге көрініп қанына, несебіне талдау жасатып, ауруға тосқауыл ретінде дер кезінде ем алса, іс насырға шаппас еді. Қант диабетінің сипатына қарай оның алғашқы белгілері әр түрлі болады. Дегенмен аурудың негізгі белгілері оның жиі – жиі шөлдеп, суды көп ішуінен байқала бастайды. Дені сау адам күніне 1,5 – 2 литр дей ғана су ішетін болса, ауруға шалдыға бастаған кезде оның мөлшері 4 - 5 литр ден 20 литр ге дейін артады. Сондықтан кіші дәретке қайта–қайта шығады. Осыдан келіп науқас адамның ұйқысы бұзылып, жүйке жұмысы нашарлап әлсірейді, жүдейді. Тәнінен сұйықтық көп мөлшерде бөлінетін болғандықтан терісі, кілегей қабықтары құрғайды. Кейде денесі қышып, қышымаға ұшырайды. Кейбіреулер шиқан – сыздауықтардан құтыла алмай әлек болады. Тістерінің өздігінен түсе бастауы мүмкін. Бұл да қант диабетінің белгілеріне жатады.

- Әйгерім, мұның бәрі де тәндегі зат алмасудың бұзылуынан туындайтын құбылыстар құбылыстар ау.

- Әрине, солай. Тәндегі зат алмасуды реттеп отыруда маңызы зор бірнеше эндокриндік бездердің бірі – ұйқы безі. Ал қант диабеті – осы ұйқы безі қызметінің бұзылуынан болатын ауру. Ұйқы безі тәнге қажетті инсулин деген гормонды бөліп шығарады. Адам ауруға шалдыққан кезде осы бездің жасушаларында түзілетін инсулиннің бөлінуі азайып, оның жетіспеушілігі білінсе, қандағы қанттың деңгейі артып кетеді. Оны ретіне келтіру үшін ауру адам инсулинді міндетті түрде сырттан алып отыру тиіс. Бұл қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі деп аталады. Бұрын бұл препарат табылғанша науқастанушылар 5 жылдан артық өмір сүре алмаған. Онымен негізінен балалар, жасөспірімдер, 40 жасқа дейінгі адамдар ауырды. Қанттың деңгейі төмендеп кететін кездер де болып тұрады. Ал 40 – тан асқандар арасында көбінесе қант диабетінің инсулинге байланыссыз түрі дамиды. Бұған көбіне семіздік себепші болады. Мұнда керісінше, тәнде инсулиннің деңгейі артып кетеді. Бұлардың қай – қайсысының тән үшін зардабы орасан.

- Қант диабетіне шалдыққандардың емделуінің өзі оларға көп қиындық әкеледі дейді. Мұның сыры неде?

- Бұл, әсіресе, инсулинге тәуелді қант диабетіне қатысты айтылады. Өйткені мұнымен науқастанатындар инсулинсіз өмірі жоқ. Ал онымен емделудің ең қиыны оны 3 мезгіл егу арқылы қабылдап отыруы керек. Көбіне науқас адамдар инсулинді өздеріне өздері егеді. Сонымен қатар олар күніне 6 рет, аз-аздан тамақтануы қажет. Жалпы айтқанда мұның бәрін емдеуші дәрігер науқас адамға дұрыстап түсіндіреді. Тек оны бұлжытпай орындау керек.

- Ал егер ол орындалмай қалса ше?

- Мұндай жағдайда науқас адамның өміріне қауіп төнеді. Қандағы қант деңгейі қатты жоғарылап кетеді де ол маужырап, бей - жай күйге түсіп, жүрегі айнып, іші ауырып, терең кеселді ұйқыға кетеді, яғни комаға ұшырайды. Денесінен ацетоннның немесе шіріген алманың иісі шығады. Осы кезде жедел жәрдем көрсетіліп, инсулин егілуі тиіс. Сонда оның өмірін қорғап қалуға болады. Кейде мұндай адамдар көшеде құлап қалуы мүмкін. Олардың аузынан ацетон аңғып тұрған соң маскүнем екен деп айықтырғыштарға апарып тастап, соңы қолайсыз жағдайларға ұласқан кездер де болған. Бұл, әрине, білместіктің салдары.

Қандағы қанттың деңгейі төмендеп кеткен кезде де осындай жәйттер болады. Мұндайда ауру адам қатты ашығып, көзіне түскен тамақты талғамай қалай, болса солай жей салады. Денесі дірілдеп еліреді, есінен танып, түсініксіз қылықтар көрсетеді. Осы кезде оған жедел жәрдем келгенше қант жегізу керек.

Қант диабетіне байланысты бүкіл дүниежүзілік қағида бойынша науқас адам қалтасына бір шақпақ болса да қант салып жүруі керек. Ол оның ауыратынының белгісі. Қазіргі кезде қант диабетімен науқастанатындардың әрқайсысының бұл жөнінде паспорттары бар. Онда олардың қашаннан бері ауыратыны, қандай дәрілерді және оларды қай кезде қабылдау керектігі, инсулиннің мөлшері, қанындағы қанттың деңгейі және т.б. мәліметтер қысқаша жазылады. Міне мұның бәрі де жедел жәрдем көрсетуде жеңілдік әкеледі.

- Айгерім Тынысбекқызы, қант диабетімен науқастанатындардың саны өте көп екені белгілі. Бұлардың барлығын, әсіресе инсулинге тәуелділерді дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады?

- Мұның бәрін мемлекет өз мойнына алып отыр. Арнайы мемлекеттің диабеттік бағдарлама бойынша науқастар ақысыз ем алуы тиіс. Бұған біздің экономикалық жағдай да біраз қиындық келтіріп тұр.

Қант диабеті экономикасы дамыған елдерде де көп. Мысалы, Америкада онымен 10 млн. адам науқастанады. Бұған жылына 2 млрд. доллар қаржы бөлінеді. Өйткені, науқастанушылардың көбісі – халықтың еңбекке жарамды топтары болып саналады. Жыл сайын үлкен – үлкен халықаралық шаралар өткізіп тұрады. Мысалы, жақында 7 – 12 қарашада Стамбулда бүкіл дүниежүзілік ғылыми – практикалық конференция өтіп, қант диабетімен науқастанушылардың декларациясы қабылданды. Мұның да негізгі мақсаты – науқастарға көмек көрсету, олардың еңбекке қабілетін сақтап қалу.

- Айгерім Тынысбекқызы, өзіңізбен шағын сұхбатты аяқтай отырып, әңгімеңізге рахмет айтамыз.

Сұхбаттасқан, Шамсынұр Байқұлова,

ОСӨСҚПО ЖҚФ Cоциологы.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте