Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


Денсаулық сақтау бойынша Есеп

28.08.2019

Денсаулық сақтау

Қарақия ауданы халқына медициналық көмекті 85 төсектік құрамында емхана бөлімімен Қарақия аудандық орталық ауруханасы, 75 төсектік құрамында емханасымен Жетібай аудандық ауруханасы, 5 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 2 медициналық пункттер көрсетеді.

2019жылдың 1 қаңтарына Қарақия аданының халық саны медициналық  есеп  нәтижесінде- 35 737

  • соның  ішінде  15 жасқа  дейінгі  балалар – 14 169
  • жасөспірімдер  - 1 591; 
  • ересектер – 19977.
  • Босану жасындағы әйелдер  саны – 7 717.

 Миграциялық процесстерге байланысты 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (35 936  адам) 199 тұрғынғакеміді.Жетібай,Мұнайшы және Сенек елді мекендері бойынша халықтың қалаға көптеп қоныс аударуы байқалады.

2017-2018 жылдары ауданның демографиялық жағдайына төмендегі факторлар әсер етті:

  • Туу көрсеткішінің өсуі (1000 тұрғынға шаққанда) : 2017 жылы  30,8-тен 2018 жылы 31,3-ке өстіАбсолюттік көрсеткіштер 2018 жылы 1127 сәби дүниеге келсе ,2017 жылы бұл көтсеткіш 1088 ді құрап,есепті кезеңде -39 сәбиге өсті.

  • Өлім жітім көрсеткіштерінің төмендеуі (1000 тұрғынға шаққанда): 2017 жылы 3,6 дан  2018 жылы 3,2-ке  төмендеді.Абсолюттік сан 2018 жылы 116 адам,2017 жылы-127 адам.

  • Халықтың табиғи өсімі коэффициентінің 1000 тұрғынға шаққандағы өсуі: 2018 жылы +28,1, 2017 жылы +27,4 болды

  • 2017 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.2018 жылы 1 ана өлімі тіркелді.Көрсеткіш 88,73 промильді құрады. Ана өлімі Облыстық перинаталдық орталықта болды,Жетібай ауылының тұрғыны.

Таблица 1. 2017-2018 жылдардағы аудан бойынша денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері

көрсеткіштер

2017 жыл

2018 жыл

Ааналар өлімі жітімі 100 мың тірі туғандарға шаққандағы саны

-

88,73

Нәрестелер өлім жітімі, 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны, промилле

8,3

8,9

Қатерлі ісік аурушаңдығы 100 мың тұрғынға шаққандағы саны

102,1

102,9

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы 100 мың тұрғынға шаққандағы саны

0,02

0,02


Соңғы жылдары аудан бойынша 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәрестелер өлім жітімі көрсеткішінің 0,6 промилге өсуі байқалады.

Өткен жылдарда онкологиялық патологиялардың таралуы өсуі мен өлім жітімі көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 100 мың тұрғынға шаққандағы онкопатологиямен аурушаңдық 2017 жылы 102,1 ден 2018 жылы 102,9-кеөсті. Бұл скринингтік тесерулердің нәтижесінде 1-2 стадияда ерте анықталғандар санының өсуімен түсіндіріледі. 100 мың тұрғынға шаққандағы онкопатологиядан өлім жітім көрсеткіші 2017 жылы 83,4 тен 2018 жылы 61,5-ке төмендеді.

100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2017 жылы 76,6 дан 201869,5 -ке дейін төмендеді.Туберкулезден өлім жітім 100 мың халыққа шаққанда 2017 жылы 5,6 ден 2018 жылы 2,8 ге төмендеді.

Тегін берілетін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне бөлінген қаражат 2018 жылы 132  млн.теңгені құрады. Ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмектерге қол жетімділігін арттыру мақсатында, аптекасы жоқ елді мекендерде тегін берілетін дәрі-дәрмектерді бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелер арқылы тарату ұйымдастырылды.2018 жылы аудан бойынша дәрігерлер саны – 71 құраса, 10 мың халыққа шаққандағы тұрғындардың дәрігермен қамтылуы 01.01.2019 жылға 19,8 болды.

10 000 халыққа шаққандағы тұрғындардың орта буын медициналық қызметкерлермен қамтылуы 01.01.2019 жылы – 92,0 құрады. 2018 жылы 6 маман жұмысқа орналасты.

Саланы дамытудың SWOT – анализі

Күшті жақтары (S):

  1. Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы: өлім жітімнің азаюы, халықтың табиғи өсімінің өсуі

2.Онкологиялық аурулардың өлім-жітімінің төмендеуі

3.Туберкулезден аурушаңдық пен өлім-жітімнің төмендеуі

4.Орта буын қызметкерлерімен қамтылуы

Әлсіз жақтары (W):

  1. Ана өліміне жол берілуі

  1. Нәрестелер өлімінің төмендемеуі

  1. Дәрігерлердің жетіспеушілігі 

  1. Көрсетілетін медициналық қызмет сапасының төмендігі.

  Мүмкіндіктері (O):

  1. Саланы қаржыландырудың өсуі, медициналық нысандардың салынуы, емдеу сауықтыру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүруі

  1. Қолданыстағы медициналық кадрларды ұстап қалуға және жас мамандарды тартуға бағытталған іс-шаралардың жалғасуы.

  Қауіптері (T):

  1. Саланың жеткіліксіз қаржыландырылуы және оның кері әсерлері: медициналық жабдықтар мен медициналық мекемелер ғимараттарының тозуы, бұл ауруға шалдығуды уақтылы анықтауды және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын төмендетеді.


Ауданның денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелері:

  • Ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен балалардың денсаулық индексінің төмен болуы

  • Ана олімінің болуы

  • Нәрестелер өлім жітім көрсеткішінің жоғары болуы:

  • Халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылығының жоғарғы деңгейде болуы: қатерлі ісік, туберкулез;

  • Кадр мәселелері;

  • Денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық келісушіліктің төмен нәтиже беруі;

  • Тұрғындар тарапынан өз денсаулығына жауапкершіліктің жетімсіздігі.

Мақсаттарға жету жолдары:

Аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру жолдары:

  • Аналар өлім жітімін болдырмау жолдарын облыс мамандарымен бірлесе отырып шешу;

  • Аудандық емханада ересектер мен балаларға көрсетілетін медициналық реабилитация қызметін дамыту;

  • Ауданда аналарға көрсетілетін консультация диагностикалық қызметтің қолжетімділігін арттыру;

  • Аудандық емханада отбасын жоспарлау қызметінің белсенділігін арттыру;

  • Ауданның перзентхана және бала денсаулығына жауапты мекемелеріне жұмысқа жас мамандарды тарту және оларды аудан әкімі тарапынан берілетін әлеуметтік көмекпен, пәтермен қамтамасыз ету;

  • Аудандық емханада шалғай орналасқан елді мекендердегі әйелдерге көмек көрсететін дәрігерлік бригадалар құру.

  • Мамандардың жоспарлы түрде білімін жетілдіру

  • Материалдық- техникалық базаны жақсарту : аудандық ауруханаларға КТГ,ИВЛ аппараттарын алу,эксперт класындағы УДЗ алу

  • Емханаларда Прогрессивті патронаж қызметін енгізу

  • Қауіпті топтағы босану жасындағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету.

  • Жүкті әйелдерді пренаталдық скринигпен 100 пайызға қамту

Туберкулезбен аурушаңдықты және оның таралуын төмендету жолдары:

  • Туберкулезді ерте және дәл анықтау үшін диагностиканың инновациялық әдістерін қарқынды қолдану (балалар арасында - диаскинтесті);

  • Науқастарды адекватты химиотерапиямен қамтамасыз ету;

  • Туберкулездің ашық түрімен ауыратын емделуден бас тартқан науқастарды мәжбүрлі емге жіберу;

  • Туберкулезбен ауыратындарды аудан әкімінің әлеуметтік пакетімен қамтамасыз ету;

  • Туберкулез науқастарды инфекциялық статусына байланысты санаттарға бөліп емдеу.

Онкологиялық аурулармен аурушаңдықты және өлім жітімді төмендету жолдары:

  • Онкологиялық саласының үйлестірушісі болып табылатын аудан онколігінің жұмысын жандандыру;

  • Халықтың мақсатты топтарының арасында: сүт безі, жатыр мойыншасы, енек безі, тоқ ішек рагін ерте анықтауға жүргізілетін скринингтік тексерулердің сапасын арттыру;

  • Аудандық емханаларда көзге көрінетін қатерлі ісіктерді және қатерлі ісікке әкелетін ауруларды (тері рагі, қалқанша без рагі, енек рагі, тоқ ішек рагі) ерте анықтау мақсатында еркектерді тексеру кабинеттерінің  жұмыс сапасын арттыру;

  • Аудандық емханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мамандарының онкопатология мен қатерлі ісікті ерте анықтауға білімдерін жетілдіру, қатерлі ісіктерге әкелетін ауруларды аудандық емханаларда жүйелі түрде емдеу

Адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын төмендету жолдары:

  • Адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының профилактикасы туралы халықтың, әсіресе жастардың, жүкті әйелдердің, еңбек мигранттарының арасында ағарту жұмыстарын жандандыру;

  • Аудандық емхана психосоциальдық консультация қызметінің халықты адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясына ерікті тестілеуге мотивациялау мақсатындағы жұмыстарын жандандыру.

Дәрігерлік кадр тапшылығын жою және оның біліктілігін көтермелеу жолдары:

  • Кадрларды тұрақтандыру мақсатында пәтермен және аудан әкімі тарапынан берілетін әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету;

  • Қолданыстағы медициналық кадрларды ұстап қалуға және жас мамандарды тартуға бағытталған іс шаралардың жалғасуы;

  • Медициналық қызметкерлерді пәтермен қамтамасыз ету.


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте