«Қарақия орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бойынша «Денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы іс қимыл туралы» жобаның іске асырылуы туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысын, Қазақстан Республикасының 2015жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңын, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 04.10.2017жылғы № 644-к бұйрығын орындау мақсатында жасалған іс шаралар:
⦁Қарақия орталық аудандық ауруханасы бойынша ішкі бұйрық шығарылып, іс шаралар жоспары жасақталды.
⦁Медицина қызметкерлерінің компьютерінде фондық бейнелеу ретінде « Медицина и коррупция несовместимы» көрінісі орнатылды
⦁Медицина қызметкерлері арасында директор орынбасарлары А.Берішбаева,Г.Бегнияз семинар сабақ өткізді,барлығы 127 қызметкер қамтылды
⦁Медицина қызметкерлері арасында анкета толтырылды-48 адам
⦁«Міндетіміз ортақ –жемқорлықсыз болашақ», пара берме,пара алма жазбалары бар қоғам қайраткерлері бейнеленген сурет А3 форматында
аурухана, емхана кіреберіс көрнекі жерге ілінді. Көшірмелері тұрғындарға таратылуда.
⦁Барлық мекемелерде кездесу өткізу жоспарланды. 18.10.17 күні Қарақия кәсіптік колледжі ұжымы арасында семинар өткізіліп,32 адам қамтылды. 19.10.17 күні сағат 15-00де №9 бастауыш мектеп ұжымы арасында дөңгелек үстел өткізіліп 33 адам қамтылды.
⦁Дөңгелек үстелге ҚОАА заңгері А.Сисенгалиева, ҚАЕ психологы Г.М.Мамаева мен Нұр Отан партиясының Қарақия аудандық филиал директоры Д.Сабытова қатысып қазіргі таңдағы қоғамдағы болып жатырған сыбайлас жемқорлықтың әр этаптарына тоқталса, ОСӨСҚПО ҚАФ мамандары болса ақпараттық ағарту материалдарымен қамтамасыз етті.
⦁Елбасының " Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында Қарақия ауданында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық насихаттау тобы 24.10.17 күні Қарақия орталық аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тулегенов М.А., аудандық аурухана директоры Ж.Шоланова түсіндіру жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
⦁Барлық өткізілген іс шаралар мекеме сайтына, ФБ, инстаграмм желілерінде жарияланып отыр.
⦁«Қарақия» газетіне мақала берілді
⦁Жоспарға сәйкес жұмыс жалғастырылуы қадағалауда болады.
Директор Ж. Шоланова