Маңғыстау облысының тұрғындарына балаларға психологиялық көмек көрсету бойынша бірыңғай Сall-орталығы қол жетімді
Қазақстандағы бала құқығы бойынша уәкілдің бастамасымен бірыңғай Сall-орталық құрылып, онда психологиялық күйзеліске және тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әрбір бала өтініш айта алады. Балаларға психолог-операторлар және қажеттілік туындаған жағдайда құқық қорғау органдарының өкілдері көмек көрсетеді. Бұл туралы “Мейірім” қоғамдық бірлестігі мен балаларға көмек көрсету орталығының жетекшісі Александр Муха баяндады.
Бірыңғай Сall-орталығының 111 нөмеріне 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар хабарласа алады.
- Телефон желісінде психолог-операторлардан басқа қажетті жағдайда балаға жәбірлеуші тарапынан қауіп төну ықтималын анықтай алатын прокуратура өкілдері кезекшілік атқаратын болады. Психолог немесе әлеуметтік қызметші баламен қарым-қатынасқа түсу барысында бірден көмек көрсете алады. Егер бала одан ары қарайғы көмекке зәру болса ақпарат аталмыш мәселені шешуге өкілетті органдарға құпия түрде жолданылады. Басқа облыстан хабарласқан баламен бала құқығын қорғау бойынша аймақтық уәкіл немесе білім беру басқармасындағы бала құқығын қорғау инспекторлары жұмыс істейтін болады.
Бірыңғай Сall-орталығының нөмірі: 111. Ұялы және стационарлық телефондардан соғылған қоңыраулар тегін.