Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың өңірлік жоспардың орындалуы туралы ақпарат

01.03.2017

2016 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлыс жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру барысында, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен ішкі іс-шаралардың орындалуын камтамасыз ету туралы 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітілді.

Бұл жоспар бойынша 7 іс-шара жасақталып белгіленген болатын.

Жоспарға сәйкес 7 іс-шара негізінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1) Басқарманың және басқармаға бағынысты мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы бөлімдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету – бұл іс-шара бойынша - ресми сайтта арнайы бөлім ашылды http://dsb.mangystau.gov.kz/;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін түсіндіру бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері үшін семинарлар мен консультациялар жүргізу – бұл іс-шара бойынша - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін түсіндіру бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері үшін 23 семинарлар мен консультациялар жүргізілді;

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіре отырып, ақпараттық тақталарды әзірлеу – бұл іс-шара бойынша - басқармада және оған бағынысты мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша ақпараттық тақталарды әзірлеп орнатылған;

Басқармаға қарасты 28 амбулаторлық-стационарлық медициналық ұйымдарда екі тілде, орыс және қазақ тілінде әзірленіп, орнатылған.

4) Халықтың әртүрлі топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындаған фактілер болған жағдайдағы іс қимыл тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге жол бергені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамаларды әзірлеу және тарату – іс-шара орындалды, жадынамалар әзірленіп, барлық медициналық ұйымдарға таратылды;

Басқармаға қарасты  облыстық медициналық ұйымдарға 2015 жылы – 7450 дана жадынамалар таратылды, оның 2450 данасы түрлі түсті қағазда, 5000 данасы ақ-қара форматта әзірленіп, таратылды. 2016 жылы – 7000 дана жадынама таратылды, оның 3000 данасы түрлі түсті қағазда, 4000 данасы ақ-қара форматта әзірленіп, таратылды.

5) Жеке және заңды тұлғалардың хаттары үшін «сенім телефондарының», почта жәшіктерінің дұрыс жұмыс істеуі тәжірибесін тарату - Бүгінгі таңда CALL-орталық және Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің 34 маманы Коммуникативтік дағдылар бойынша республикалық диагностикалық орталық мамандарымен оқытылды.

Сондай-ақ, 5 медициналық ұйымда жергілікті CALL-орталықтар жұмыс жасайды  (АҚЕ№1, АҚЕ№ 2, ЖҚЕ№2, Мұнайлы ОАА, Түпқараған ОАА).

Сонымен қатар, көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында, облыстың 31 медициналық мекемесінде Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі  құрылды.  Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі  шеңберінде, науқастар мәселелерін «дәл қазір және осы жерде» қағидасымен шешу мақсатында Сенім телефоны ұйымдастырылған.

6) Мемлекеттік сатып алудың шынайлығын қамтамасызету іс шарасы  бойынша «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріндегі сатып алулар арнайы ашылған ресми сайтта конкурс беріліп, тендер жүрігізіліп отыр;

2015 жылдың 21 қыркүйегінде № 205 бұйрықпен «2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық – санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушісін таңдау рәсімін өткізу туралы» № 205 бұйрықпен комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінен, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінен, ардагерлер одағынан және облыстық медициналық ұйымдарының қызметкерлерінен құрылды.

2015 жылдың 02 қарашасында «2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерді және қосалқы мердігерлерді таңдауды өткізу туралы» № 228 бұйрығы бекітілді. Бұл бұйрық негізінде 2016 жылы 6 отырыс өткізілді. 

7) Басқарма басшысының БАҚ-та, оның ішінде Басқарма құзыреті шегінде теледидарда сөз сөйлеуін ұйымдастыру іс-шаралары Басқарма басшысының БАҚ-та, оның ішінде Басқарма құзыреті шегінде теледидарда сөз сөйлеуі ұйымдастырылды. «Қазақстан –Ақтау» телеарнасында 3 рет – «Ашық әңгіме», «Ашығын айтайық» және «Көзбе-көз» тікелей эфирге шықты. «Маңғыстау» газетінде – 1 рет, «Маңғыстау дәрігері» газетінде – 3 рет, «Лада» газетінде – 2 рет, «Не хабар» газетіне – 1 рет мақалалары басылып шықты.

2017 жылдан бастап басқармада баспасөз қызметі ашылды.


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте