Бүгін 1-қазан Халықаралық қарттар күні. Халқымызда «қариясы бар ел –қазыналы ел» деген тағлымды сөз бар.
Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз. Қазақстанда ардагерлердің жақсы өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде.
Осындай ардагерлер қатарында ұзақ жыл денсаулық саласында қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Қарақия орталық аудандық ауруханасында жұмыс жасап жүрген дәрігерлер Зоя Оспанқызы Джумагазиева мен Юлия Дүйсенғалиқызы Чуйшбаеваны атауға болады. Бүгін аурухана ұжымы еңбек ардагерлерін құттықтай отырып, денсаулық, отбасы амандығын тілейміз.