Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы

01.03.2017

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы. Тақырып жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен

Ескерту. Жалықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан

Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесі бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 156 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Ескерту. Мәтін бойынша "Министрлік", "Министрліктің" деген сөздер, тиісінше, "Агенттік", "Агенттіктің" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі - Әдеп жөніндегі кеңес) Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

2. Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы "2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады.

3. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс органы Агенттіктің аппарат басшысы Агенттіктің аумақтық органының құрылымдық бөлімшелері қатарынан айқындайтын хатшылық болып табылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

4. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін Агенттіктің төрағасы бекітеді.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте