Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК
Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285

E-mail: srb-2009@mail.ru


10.01.2023
168
11:32
Хабарландыру

Хабарландыру

«Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізі құқығындағы (ШЖҚ) «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК  директорлық міндеті  бос лауазымына конкурс жариялайды. Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы, 2 шағын аудан, 2 ғимарат.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Медицина саласында жоғары білім.  Экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы. Немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

 

Білуі керек: 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

 

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсына алады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Еркін  формадағы  өмірбаян;
4) Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) Еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек келісімшартының көшірмелері, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер немесе жұмыс тәжірибесін растайтын басқа құжат. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республиасы Еңбек Кодексінің 35- бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)   Бекітілген үлгі бойынша  денсаулық туралы анықтама;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  соттылығының   жоқтығы туралы анықтама.
8) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндемесі;

6.Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты:

Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде  қабылданады және мына мекен жайға әкелініп тапсырылуы қажет: Қарақия ауданы,  Құрық селосы, 2 шағын аудан, 2 ғимарат.

    Конкурс өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.Құжаттардың түпнұсқалары  әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаған болса,  сұхбаттасуға жіберілмейді.

Конкурс өткізу орны: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесу кестесі ШЖҚ «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК сайтында орналастырылады.

Анықтама телефондары: 8/72937/ 21132, 21175, электронды мекенжай: srb-2009 @mail.ru

 

 

 


 

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте