Қарақия орталық аудандық ауруханасы дәрігерлері кардиолог С.Көбенов,акушер гинеколог А.Сулейменова,окулист А.Жиенгалиева ,ЖТД Н.Демеуов, А.Исмагулова 18.06.19күні "Медицина жанымызда" әлеуметтік акция бағдарламасына сәйкес аудан орталығынан шалғай елді мекендер Құланды, Бостан ауылы тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді. Сонымен қатар тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы түсіндіріп,бетшелер таратылды.